008

«Мерейтойыңмен Астана». «Семей» телеарнасы байқау ұйымдастырды

«Semei»  телеарнасы еңселі елорданың 20-жылдығына орай жас суретшілер арасында  «Мерейтойыңмен Астана» атты байқау ұйымдастырды.

30-ға жуық қыл қаламды серік еткен жандар қатысып, бақтарын сынады.  Ажарлы Астананың көрікті жерлерін  ақ қағаз бетіне түсіріп, елордаға деген махабатын балалық көңілмен жеткізді. 

Сәби қиялынан туындаған, тікелей эфирде салған суреттері Semeytv.kz сайтына жүктеліп, халық, бағалап, дауыс беріп, жеңімпаздарды өздері анықтады.

Бір айға созылған байқау өз мәресіне жетіп, жүлделі орынға ие болған суретшілер  демеуші ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Бұл «Semei`» арнасының ұйымдастырып отырған бірінші жобасы емес. Ән, аналарға арналған шығарма байқаулары тұрақты түрде өтіп тұрады.

Бұл конкурстар талантты балаларды шыңдап, елінің патриоты болуға тәрбилейді  дейді  жоба авторы Нұргүл Құдайбергенқызы.   

Пікірлер

пікір