008

Алматы облысында денсаулық эстафетасы басталды

Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында Алматы облысында «Астана – Ұлы Дала Елордасы» атты денсаулық эстафетасы басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Саламатты өмір салты облыстық орталығы ұйымдастырған бұл шараның мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау арқылы облыс тұрғындарының өз денсаулығына жауаптылығын арттыру, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Эстафетаның символы ретінде «Денсаулық жалауы» көтеріліп, бұл сапар Қарасай ауданындағы Шамалған ауылынан басталды.

Үш «Денсаулық жалауы» 3 бағыт бойынша жүреді. Бірінші бағыт Жамбыл, Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларын қамтыса, екінші бағыт Іле, Балқаш, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына бет түземек. 3-ші «Денсаулық туы» Талғар, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Панфилов аудандарында болады деп жоспарланған. Эстафета аясында концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, тұрғындардың дәрігерлерден тегін кеңес алуына жағдай жасалған «денсаулық қалашықтары» жұмыс істейтін болады.

Сөйтіп, облыстың барлық аудан, қалаларын қамтитын эстафета 4 шілдеде Талдықорған қаласында аяқталмақ.

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер

пікір