008

Ел мүддесі үшін қызметтік ұшағын сатқан Президент

Күні кеше ғана алақандай Хорватияның аяқ доп шеберлері айды аспаннан бірақ шығарып, Ресейде өткен әлем чемпионатында екінші орынға ие болғанда жұрттың бәрі таңқалғаны рас. Сол кезде Хорватияның футболистерінің ойынын тамашалауға ел президенті Колинда Грабар-Китарович ханым арнайы келіп, мәртебелі меймандар отыратын орынан бас тартып, қарапайым хорваттардың арасында отырып ойынды тамашалағанын әлемдік ақпарат құралдары  жарыса жазды.

Жалпы 2015 жылы ақпан айында Хорватия президенті болып сайланған Колинда Грабар-Китарович ханымның өмір жолына үңілсеңіз, оның шыныменде қарпайым жан екенін аңғаруға болады. Оған төмендегі мәліметтер айқын мысал бола алады.

1. Колинда ханым президент болып сайланғаннан кейін президенттік ұшақ пен Үкімет мүшелері мінетін 35 мерседесті сатып, барлық қаржыны ел дамуына жұмсаған.

2. Өзінің, министрлердің және елшілер мен консулдардың айлығын 60 пайызға дейін қысқартқан.

3. Колинда ханым президент болып сайланғаннан кейін аз ғана уақыттың ішінде Хорватиядағы ең төменгі айлық 400 доллардан 540 долларға көтерілген.

4. Білім беру, медицина және әлеуметтік салаға бөлінетін мемлекеттің шығыны жыл сайын 3 пайызға жоғарлады.

5. Ең бастысы Хорватияның ЖІӨ-і 22,47 пайызға өскенін атапайтуға болады.

 

 

Пікірлер

пікір