008

Денис жемқор, парақор жүйенің құрбаны болды

“Денис танымал тұлға болғандықтан бұл трагедияның ауқымы күллі республикаға таралып кетті. Әйтпесе дәл осындай қарақшылардың қолынан ғұмыры келте қиылып жатқан жазықсыз жандар қаншама?”, – деген екен саясаттанушы Артұр Нығметов. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.  

“Алматының “акиматы” кеміргішге ескерткіш орнатып есі кетіп жүргенде қаланың қақ ортасында жазықсыз адамдар жан тапсырып жатыр. 

Ойлап қараңызшы, қаланың қақ ортасы, тапа-тал түсе тайраңдаған айуандар адам өлтіріп жүр. 

Олимиада ойындарының жүлдегері, алтын асықтай ұлымыз Денис Теннен айырылып қалдық.

Жасырып жабары жоқ, Денис танымал тұлға болғандықтан бұл трагедияның ауқымы күллі республикаға таралып кетті. Әйтпесе дәл осындай қарақшылардың қолынан ғұмыры келте қиылған қарапайым азаматтар қаншама? Әріге аспай бір Алматының өзінде мұндай трагедия күнбе бе күн орын алып жатуы ғажап емес. Теннің орнында сіз бен біздің болуымыз да әбден мүмкін еді…

Алматыдағы қылмыстық ахуал асқынып тұр әзір. Бұған қарсы күресіп жатқан полицейлер жоқ. Тәртіп сақшылары өз азаматтарын қорғайтын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қауқарда емес. Жемқорлық пен парақорлықтың батпағына белшесінен батқан өйткені…

Ал Денис ше? Денис Тен қарақшылардың құрбаны болған жоқ.

Ол жемқор, парақор жүйенің құрбаны болды.

Анығы, бізге тек өзімізге сенуден басқа амал қалмады. 

Ал Алматының “акиматына” не дейміз? Әрі қарай да кеміргішті қызықтап жүре беріңдер. Біз күнімізді өзіміз көрейік, өз қауіпсіздігімізді өзіміз қамтамасыз етейік. Қарақшылардан да өз күшімізбен қорғанайық. Солай. Бұдан өзге жол жоқ.  

 Өз батырын қорғай алмайған ел ретінде тарихқа енеміз біз…

Бақұл бол, Денис…”, – деп жазыпты Нығметов желідегі парақшасында. 

 

Пікірлер

пікір