008

Назарбаев кадрлық өзгерістерді қоғамдық қысымның жетегімен жасамайды

“Назарбаев кадрлық өзгерістері ешқашан қоғамдық қысымның жетегімен жасаған емес” дейді саясаттанушы Талғат Қалиев. 

«Қасымов? Ол сөзсіз орнынан кетеді.

Картинки по запросу талгат калиев

 

Мұндай трагедия (Денис Теннің қазасы) болмағанда, бәлкім, ол Қауіпсіздік кеңесіне болмаса депутат креслосына ауысар ма еді…

Алайда осы жолғы оқиғадан кейін Қасымовтың карьерасы осымен аяқталды деуге болады.

Алайда дәл қазір, шұғыл жағдайда кетпейді. Себебі

Назарбаев кадрлық шешімдерді ешқашан қоғамдық қысымның жетегімен жасаған емес.

Әлеуметтік желілерде сауалнамаға қатысқан 12 мың адамның 91 пайызы Ішкі істер министрінің отставкасын қолдапты. Халықтың мұндай қалауына әрине, көз жұма қарауға болмайдыТіпті оппозицияға он қайнаса сорпасы қосылмайтын Алматы қалалық қоғамдық кеңесі де бірауыздан Қасымовтың кетуін талап етуде.

Назарбаев неге шұғыл демалысқа шығып кетті? Ол министрді жақын арада ауыстырғысы келмейді, себебі.

 Меніңше, бас полицей күзге таман болуы мүмкін үкімет отставкасының аясында ауысады”, — дейді саясаттанушы.

Қалиевтің айтуынша, халықтың қазіргі көңіл толмаушылығы алаңдағы жаппай наразылыққа әкеп соғуы мүмкін екенін билік әлі де түсінбей отыр.

Билік халықтың наразылығы әлеуметтік желілерден ары аса алмайды деп ойлайды.

«Реформа керек деген халықтың Қасымовтың кетуін талап етуі – елдің ортақ мақсат үшін біріге алатын қабілет жинап келе жатқанын аңғарттыБилік енді бұл тақырыптан қаша берсе наразы топтардың арасынан көшбасшы тұлғалар шыға бастайды, ал олардың талаптары тіпті күштірек болуы мүмкін. Өйткені наразы халықтың белсенділігі енді тек өрши беретіні анық«, — деп жазыпты ол өзінің Телеграм парақшасында.

Айдын ОЛЖАЕВ

Фото: life.ru

Пікірлер

пікір