008

Назарбаевтың тапсырмалары неге орындалмайды?

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев билік органдары тағы бір қайта құрылымдауды басынан өткереді депті. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды. 

Атап айтарлығы, мәселе үкіметтің халықтың мұқтажына назар аудармауында ғана емес екен. Ең сорақысы, оның айтуынша, билік органдары президент тапсырмаларына құлақ аспауды, яғни оларды орындамауды әдетке айналдырған көрінеді.

 Сонымен, Әшімбаев не дейді?

Картинки по запросу данияр ашимбаев

Сағынтаев сенімді ақтамады ма? 

— Министрлер кабинетінің көптеген бастамалары көпшіліктің наразылығын тудыруда. Мәселен, фрилансерге салық салу елдің наразылығына ұрынды. Сондай-ақ тариф саясаты да көптің көңілінен шықпады; атап айтқанда, төменгі тарифтерді жою. Бұл шара экономиканың көптеген салаларына кесірін тигізді.

Әлеуметтік сақтандыру, жүргізіліп жатқан жекешелендіру – жалпы, үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бәрі көптеген көкейтесті сұрақтар тудыруда. 

Бұл сұрақтар жекелеген министрлердің ғана емес, бүкіл атқарушы биліктің жұмысына көңіл толмағандықтан орын алып отыр.

Міне, сондықтан үкімет ауысады ма екен, деген сұрақ туындап отыр.

Кейбіреулер, тіпті, үкіметбасы болуға лайықты деген үміткерлердің атын атап жатыр, –  дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біздің үкімет айтылған сынды өз атына қабылдап, барлық әлеуметтік қиыншылықтарды ушықтырмай, шешіп отыруға қабілетті болуға тиіс.

Алайда қазіргі үкімет осы мәселелерді еңсере алмай отыр. Ол аз болса, үкімет, тіпті, ауызбіршілік таныта алмауда:

– Министрлердің алауыздығы, премьер мен оның орынбасарлары арасындағы дау-дамайлар көзге ұрып тұр.

Ал президенке туындап жатқан қиындықтарды шешетін, тиімді жұмыс істеуге қабілетті үкімет керек. Ал бізде ол жоқ.

Сондықтан кадрлық ауыс-түйістердің ауылы алыс емес сыңайлы. Мүмкін кейбір салалар жаңа басшылармен күшейтіледі немесе үкімет толық отставкаға кетеді.

Алайда бізде үкіметтің ауысуы министрлердің 15-20 процентін ауыстырумен және шағын әкімшілік реформамен шектеліп жатады.

Қасымов қозғала қоймас 

Бұдан кейін, саясаттанушы күштік құрылымдар басшыларының жұмысына тоқталыпты.

— Қателеспесем, осы лауазымда отырғаны бойынша Қасымов рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Министрдің орнынан кететіні туралы әңгіме сан мәрте айтылғанымен, оның барлығы сол сөз күйінде қалуда – Қалмұқанбет Нұрмаханбетұлы орнынан қозғалар емес.

Иә, министрлік жұмысына көңіл толмаушылық бұрын да болған, қазір аз болып отырған жоқ (шынтуайтқа келсек, бұл үйреншікті дүние).

Басқа генералдардың бірі болса, баяғыда-ақ қызметімен қош айтысушы еді. Бірақ мемлекет басшысы Қасымовқа үлкен сенім артатын сыңайлы. Оның да жөні бар: ол министрлікті басқарып қана қоймай, сонымен бірге Елбасына ерекше адалдық танытып отыр.

Мәсімов не дейді?

Соңғы жылдарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттері елеулі кеңейтілгені белгілі. Атап айтқанда, сыртқы барлауда… Ақпараттық кеңістікті бақылауда және экстремизмге қарсы күресте… Тіпті, көп жылдан бері кіріспеген экономика саласына да араласа бастады.

Әшімбаевтың айтуынша, осыған қарамастан, Мәсімов «көлеңкеден» шығар емес. Ведомствоның өкілеті кеңейген сайын Кәрім Қажымқанұлы тасаға тығыла түскен сыңайлы.

«Ол тек спорттық және салтанатты шаралар кезінде көпшілік алдына шығуды әдетке айналдырған.

Сөйтіп, ол комитет өкілеттілігімен қатар, өз беделінің, ықпалының асқақтай түскенін көрсетуге жол бермеуге тырысуда.

Бұдан бөлек, ҰҚК-ның басшысы басқа күштік құрылымдармен араздасуға жол бермеуге ұмтылып отыр. Сөйтіп, ол жемқорлыққа қарсы күрес ісіне, басқа салаларға араласпайды.

Яғни, комитет қызметі күшейтілгенімен, ол әзірше, ешкімге соқтықпай, өз жұмысы шеңберінде ешқандай дау-дамай, жанжал араласпай атқарып отыр», – дейді саясаттанушы

 

Банк секторы әбден саясиланған

Картинки по запросу акишев

Әшімбаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда ешкім танымайтын акционерлер жоқ. Әр банктің артында билік басындағы танымал тұлғалар тұр.

Қазіргі таңда ірі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырған жоқ. Салдарынан қаржы секторындағы өтімді қаржының көлемі азайып, ол әкелетін табыс та төмендей түсті.

Ал банк акционерлері арасында т атынан ат үркетін шенділер мен олардың жақындары болғандықтан, бұл сектордың дамуы әбден саясиланып кеткен. Міне, бұл банк секторының қазіргідей мемлекет көмегіне зәру болып отырған кезінде билік басындағы саяси тартысты күрделендіре түсті.

Бұл жерде әңгіме Ұлттық банктің қолдауы мен квазимемлекеттік сектордың депозиттері мен мемлекеттік мекемелердің есеп-шоттарын банктердге орналастыру жөнінде болып отыр. Яғни, қаржы құрылымдарына аса қомақты табыс беретін операциялар туралы.

Міне, осының барлығы қаржыға деген талас-тартысты, күресті күшейте түсуде. Сөйтіп, билік басындағылар бір-бірін, яғни қарсыластарын аяқтап шалып, орнынан тайдыруға ұмтылады.

Сөйтіп, мықтылар сұрыпталып, шамасы жетпегендердің басына бақ кетіп, барынан айырылып жатады.

Нәтижесінде, қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық істер пайда болып, кеше ғана ел алдында жүрген танымал тұлғалар қамауға алынды.

Атап айтарлығы, президент банк секторындағы тұлғаларды алғаш рет сын тезіне алып отырған жоқ. Бірақ бұрын ол ешкіменің атын атап. Түсін түстеген емес, сондықтан көпшілік оларды біле бермейді.

Шын мәнінде, 2007-2008 жылдарда Қазақстан экономикасын тұралатқан дағдарыс еңсерілген жоқ.

Мемлекет қаржы секторына Ұлттық қордағы қаржыны құюмен ғана шектелді. Ал банк саласын тұралатқан қиындықтар шешілген жоқ, сол қалпы тұр.

Ал екінші деңгейдегі банктер билік басындағы саяси истеблишментпен біте қайнасып кеткендіктен банктерді бақылауға алуға ұтылған түрлі топтар арасындағы бәсеке қыза ттүсуде.
Осы орайда, саясаттанушы үкімет жұмысындағы негізгі кемшіліктерді атапты, олар:

  • премьер мен оның орынбасарлары арасындағы жұмыста үйлесімдік жоқ,

  • кейбір шешімдерді қабылдауда және оларды жүзеге асыруда саяси жігер жетпейді,

  • үкіметте ретті, тындырымды жұмыс істетйтін команда қалыптасқан жоқ,

  • үкімет мүшелері тым жиі ауысады,

  • жемқорлыққа қатысты дау-дамайлар көп,

Қазіргісін айтпағада, президенттің бұрынғы бағдарламалары бойынша берілген тапсырмалар орындалмаған.

Сонымен бірге, кемшіліктер қатарына бензин дағдарысын, электр энергиясының түнгі тарифтарын алып тастауды және тағы басқаларын қосуға болады.

Міне, осының барлығы министрлер кабинетінің ауысуына әкеліп соғуы әбден мүмкін.

 

 

Пікірлер

пікір