008

«Вор в законе» серкесі ұсталды

Қазақстанда тұрып жатқан әзербайжан диаспорасынан шыққан кәсіпкерлерді бопсаламақ болған ұрылар әлемінің серкесі ұсталды.  Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды dalanews.kz сайты.

ҚР ІІМ, ҰҚК және Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері Щучинск қаласындағы қонақ үйлердің бірінінің нөмерінен Грузия мен Әзербайжан аумағында қылмыстық іс-әрекетпен айналысқан, өзін «вор в законе»  кастасына қатысты санайтын Әзербайжан азаматы қолға түсті. Ұсталған адамнан оғы бар тапанша, граната және есірткі заттары тәркіленгенін Алмас Садубаев алға тартты.

– Департамент басшысының айтуынша, күдікті Қазақстанға Тбилисиден әуе рейсімен келген. «Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол туған-туысы Грузия мен Әзербайжанда тұратын әзербайжан диаспорасынан шыққан кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысуды жоспарлаған. Ұсталған адам уақытша оқшаулағышқа қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алмас Садубаев.

Пікірлер

пікір