008

100 жыл күткен қыз

ҚазАқпарат – Британияның Тивертон ауылында тұратын Сильвертон әулетінің шежіресінде 1913 жылдан бері қыз бала туып көрмепті. Биылғы қыркүйекте 43 жастағы Джереми Сильвертон мен 36 жастағы Даниелла Эндрюз отбасында 100 жыл күткен қыз бала жарық дүниеге келді, деп жазады Росбалт.

Ғалымдар бір әулеттегі тек ұл бала ғана дүние келе беруі өте сирек кездесетін құбылыс деп отыр.

«Біздің әулетте тек ұл туатын еді. Қыз бала дүниеге келгеніне қатты таңқалып, қатты қуанып отырмын», – депті жаңа туған Поппидің атасы Дэвид Сильвертон.

Поппидің алдында екі ағасы бар екен.

Пікірлер

пікір