008

Тағылымды кездесу

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы АҚ Алматы қаласындағы ЖОО-да болып, оқытушы-профессорлар құрамымен кездесулер өткізді.  Сондай кездесулердің бірі Алматы технология университетінде ұйымдастырылды.

Алматы технология университеті бүгінде біліктілігі жоғары мамандар даярлауда көш бастап келе жатқан оқу орындардың бірі. «ҰҒТАО» АҚ Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру департаменті директоры Қамарсұлу Елеукенова орталықтың бүгінгі  тыныс-тіршілігімен таныстырды. Орталық бүгінде отандық ғалымдар мен білікті мамандардың ғылыми мақалаларына сараптамалық өңдеу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар қорын жасақтау, еліміз бойынша қорғалған диссертациялық жұмыстарды жинақтау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялау жұмыстарын реттеу, көпсалалы ғылым бойынша сараптамалық-ақпараттық қор құру (жариялауға жатпайтын құжаттар, отандық мен шетелдік ғалымдардың мақалалары және статистикалық мәліметтер), Қазақстандағы инновациялық қызметті қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету, еліміз үшін ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттарды айқындау, әлемдік ғылыми кеңістікте халықаралық ықпалдастықтықты кеңейтіп, отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарын халықаралық журналдарда жариялауын қамтамасыз ету сынды маңызды міндеттерді атқарып келеді.

Ғылыми-техникалық ақапартты интеграциялау департамнтінің бөлім басшысы Гүлнұр Қозыбағарова  өз кезегінде оқытушылардың сұрақтарына жауап берді. «Бүгінде әлемдік ғылым саласында пайда болған жалған журналдар тек пайда табуды ғана көздейді. Сондықтан шетелдік журналдарға мақала шығару үшін алдымен қандай журналдың мәліметтер базасында тіркелгендігін, яғни жалған журнал еместігіне көз жеткізіп барып мақала жариялау қажет», –  деп атап өтті. Екі жақсы кездесу «ҰҒТАО» АҚ мен АТУ арасындағы алдағы болашақтағы байланыстарының негізі болмақ.

Арайлым БИМЕНДИЕВА

Пікірлер

пікір